Кешенді радиотехникалық әуеайлақ станциясы орнатылған.
Перрон мен ТО-да ПАГ-18 және ПАГ-14 аэродром плиталарының жабыны орнатылған.
Әуе кемелеріне арналған тұрақ орындарының барлығы - 21;
Жолаушылар терминалының жалпы ауданы 9,8 мың шаршы метрді құрайды.
Аэровокзалдың өткізу қабілеті: сағатына 400 жолаушы, оның ішінде
халықаралық ұшу залы-сағатына 200 жолаушы.
ішкі ұшу залы-сағатына 200 жолаушы.
Жүктерді уақытша сақтау қоймасы (УСҚ) бар.
Шетелдік өндірістің жаңа жоғары технологиялық аэродромдық және аэровокзалдық жабдықтары және әуе кемелерінің барлық түрлеріне қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік бар.
Уақытша сақтау қоймасының техникалық сипаттамалары
Жалпы ауданы – 668,9 шаршы метр.
Уақытша сақтау қоймасының функциялары:
Келетін және шығатын жүктерді (поштаны) өңдеу;
Жүкті (поштаны) тасымалдау;
Жүкті (почтаны) тиеу және түсіру;
Пакеттеу қаражатының айырбастау қорын өңдеу;
Жүктеуді бақылау;
Жүкті (оның ішінде кедендік бақылаудағы жүкті) жүк терминалында жиырма төрт сағаттан артық сақтау.