Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға (PRM)
Халықтың қауқары аз топтарына жататын жолаушыларға қызмет көрсету
PRMs қатарындағы жолаушыларға қызмет көрсетуді уәкілетті агент әуежайда халықтың қауқары аз топтарына (PRM – Persons with Reduced Mobility) жататын жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады және мынадай тәртіпті көздейді:
- көзі нашар көретін және жетелеуші иттің ілесіп жүруімен мүгедектігі бар жолаушыны тіркеу;
- жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау кезінде әуекомпанияның (әуежайдың) өкілі тіркеу желісі бойынша рәсімдер жүргізілгеннен кейін оларды әуе кемесіне (нен) ертіп жүреді және құжаттармен бірге оны (оларды) тікелей экипажға береді;
- уәкілетті агент шекаралық, кедендік бақылаудан және ресімдеудің басқа да рәсімдерінен өтуге көмек көрсетеді;
- PRMs қатарындағы жолаушыларды әуе кемесіне отырғызуды әуежай өкілі бірінші кезекте жолаушылардың негізгі бөлігінің отырғызылуын хабарлағанға дейін және әуе кемесінен түсіруді соңғы кезекте жүргізеді;
- кресло-арбаны пайдаланатын адамдарды тасымалдау кезінде әуекомпанияның/әуежайдың өкілі әуе кемесінің салонында тасымалдауға арналған арнайы креслоны ұсынады.
Ұшып келетін ауру жолаушыларды әуежайдың медицина қызметкерлері медициналық пунктке дейін алып жүреді.