Жолаушыларға
Жолаушыларға арналған қызметтер
DUTY FREE
Халықаралық рейстердің ұшу залында DUTY FREE бажсыз сауда дүкені жұмыс істейді. Мұнда Кедендік одақ елдеріне ұшатындарды қоспағанда, жолаушылар отырғызу талонын көрсеткен кезде танымал әлемдік брендтердің тауарларын – парфюмерия мен косметиканы, алкоголь және темекі өнімдерін, кәдесыйларды, сағаттарды, әшекейлерді және тағы басқаларды сатып ала алады.
Ана мен балаға арналған бөлме
Ақтөбе халықаралық әуежайында терминалдың екінші қабатында тәулік бойы ана мен бала бөлмесі жұмыс істейді.
Ана мен бала бөлмесінде кішкентай балалар ата-аналарымен бірге демалып, тамақтана алады, душ қабылдап, ойнай алады.
Бөлмені балалары бар жолаушылар мен әйелдер қолдана алады.
Бөлмелерде бар:
- Тоңазытқыш, микротолқынды пеш, ыстық және суық су салқындатқышы бар ас үй, балаларға арналған орындықтар.
- Жуынатын орындары бар дәретхана бөлмелері.
- Балалар жатын бөлмелері төсек-орын жиынтығы тегін беріледі.
- Душ.
- Ойын кешендері.
Бөлмеде әр баламен бірге бір еріп жүруші болуы керек.
Қоғамдық тамақтану орындары
Сіздердің қызметтеріңізге Ақтөбе халықаралық әуежайында қоғамдық тамақтану орындары қызмет етеді: Ваниль кофеханасы, Самғау кафесі, Fly Time кофеханасы, кофе автоматтар.
Қоғамдық тамақтану орындарында сіз жалғыз және достарыңызбен немесе отбасыңызбен тез және арзан тамақтана аласыз.
Магазин Тимакс
Дәріхана
Терминал ғимаратында EUROPHARMA дәріханасы жұмыс істейді. Мұнда сіз дәрі-дәрмектер мен гигиена құралдарын сатып ала аласыз. Дәріхана дүңгіршегі әуежай кіреберісінің сол жағында, бірінші қабатта орналасқан.
Жүкті орау
Заттарды багажға тапсырмас бұрын оларды арнайы стретч-пленкаға орауға болады. Ол жүкті зақымданудан, ластанудан және заңсыз ашудан қорғайды.
Орналасқан жер: терминал ғимаратының 1 қабаты, CIP/VIP залы.
Интернет
Ақтөбе әуежайының барлық аумағында тегін Wi-Fi желісі жұмыс істейді. Желіге қосылу үшін телефон нөмірі бойынша сәйкестендірудің міндетті рәсімінен өту керек. Интернет жылдамдығы серфинг, фотосуреттерді қарау, әлеуметтік желілерде сөйлесу үшін жеткілікт болып табыладыі.
Жүк арбалары
Жүкті тасымалдау үшін Сіз багаж арбашаларын тегін пайдалана аласыз: ұшып шығу бойынша — тіркеу тіректеріне дейін, ұшып келу бойынша — багажды беру транспортерлерінен.
Жүк арбалары орналасқан жер:
- Терминалға кірер алдында;
- Багаж беру залдарында.
Көлемі үлкен багажды арбалармен тасымалдауға болады. Оны арбадан түсіп қалмайтындай етіп орналастырыңыз, дәлізде тұрып қалмау және басқа адамдардың жүруіне жол берініз.
Жүк арбаларын пайдалану ережелері:
- Арбаларды әуежайдың вокзал маңы аумағынан шығармаңыз;
- Эскалаторлар мен баспалдақтарда арбаларды пайдаланбаңыз;
- Адамдарды арбамен тасымалдамаңыз;
- Егер сізге енді арба қажет болмаса, оны басқа жолаушылардың жолында қалдырмаңыз;
- оны басқа орнына немесе арбалар жиналатын жерге апарыңыз.
Сақтау камерасы
Терминал ғимаратының бірінші қабатында сақтау камерасы жұмыс істейді.
Сақтау камерасында заттарды қысқа мерзімге сақтауға болады.
Сақтау камерасының ережелері:
Мазмұнға еркін қол жетімділікті болдырмау үшін заттарды салыңыз. Шыны және басқа да сынатын заттарды «Абайлаңыз, әйнек» деген жазуы бар қатты қаптамаға салыңыз.
Жарылғыш, от қауіпті, уландырғыш заттар, тез бұзылатын өнімдер, шанышатын және кесетін заттар, қару-жарақ, ақша, құжаттар, бағалы заттар, лас және жағымсыз иісі бар заттар сақтауға қабылданбайды.
Медициналық пункт
Тәулік бойғы медициналық пунктте сізге сырқаттану немесе созылмалы ауру асқынған жағдайда алғашқы көмек көрсетіледі, сондай-ақ ұшақпен сапар шегу кезінде медициналық қарсы көрсетілімдер мәселелері бойынша кеңес беріледі.
Егер сіз әуежайда және ұшуда сізге арнайы дәрі-дәрмектер қажет екенін білсеңіз, оларды өзіңізбен бірге алғаныңызды алдын ала тексеріңіз. Сондай-ақ, ұшаққа дейінгі тексеруде оларды ұшаққа апаруға рұқсат беру үшін осы дәрі-дәрмектерге арналған рецепттерді өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынамыз.
Әуекомпаниясының өкілдіктері
Сізге ыңғайлы болу үшін терминал ғимаратының 2-қабатында келесі авиакомпаниялар өкілдіктерінің кеңселері жұмыс істейді:
- Air Astana;
- Scat;
- Qazaq Air.
Күту залы
Уақытша сақтау қоймасы
Валюта айырбастау
Құрметті ақтөбеліктер, әуежай ғимаратында «Yes Exchange» айырбастау пункті бар.Сіз валютаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесіне» сәйкес жұмыс істейтін ресми айырбастау пунктінде айырбастауға болады.
Мұнда теңге, АҚШ доллары, еуро, британдық фунт, ресей рублі, қырғыз сомы, қытай юані және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамында көрсетілген валюталардың басқа да түрлерін айырбастауға болады.
Айырбастау пункті жолаушылар терминалының жалпы аумағында, бірінші қабатта ақпарат үстелінің жанында орналасқан.
Жұмыс уақыты: тәулігіне 24 сағат, үзіліссіз.
Айтпақшы, бұл қаладағы тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз айырбастау пункті!