Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайының халықаралық және ішкі ұшу залдарына заманауи массажды креслолар орнатылды.
Енді рейс күту уақытыңыз одан да жайлы өтеді.
Жолаушылар:
• ұшуға дейін жайлы демала алады;
• шаршағанын басып, тыныға алады;
• аздаған төлем арқылы массаж қызметін пайдалана алады;
• энергия жинап, көңіл күйін көтере алады.
Жабдықтар жолаушыларға жайлылық пен жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында @restpoint.kz серіктестігімен бірлесіп орнатылды.

